ПРЯМОЙ ЭФИР

Тоқаев арсеналдағы жарылыстардан кейін қорғаныс министри басшысына қатаң сөгіс жариялады

Мемлекет басшысы қорғаныс министрлігіндегі жағдайға қанағаттанбайтынын айтты

Фото: Касым-Жомарт-Токаев/©Владислав Воднев

Мемлекет басшысы қорғаныс министрлігіндегі жағдайға қанағаттанбайтынын айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы жарылыстан кейін қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа қатаң сөгіс жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

- Барлық кінәлі азаматтар жауапқа тартылуы қажет. Арсеналға жақын жер берген мемлекеттік қызметкерлер де жауапқа тартылуы шарт, - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президент бұл мәселені жеке бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.

- Жұмыс атқарылып жатыр. Бірақ дәл қазір біз жүйелі кемшіліктердің салдарымен күресіп жатырмыз. Әскери ведомство тарапынан бақылау да төмендеді. Сіз - қорғаныс министрлігінде жаңа адамсыз. Дегенмен, осы салаға толығымен жауап бересіз. Мен жоғарғы бас қолбасшы ретінде қорғаныс министрлігіндегі жағдайға қанағаттанбаймын. Сондықтан сізге қатаң сөгіс жариялаймын, - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, қазіргі кезде арнайы тергеу комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Соның нәтижесінде президент әкімшілігі мен қауіпсіздік кеңесіне кінәлі азаматтарды жазалау туралы ұсыныстар енгізілетін болады.

- Олардың ішінде өз жұмысына жауапсыз қарап, әскери арсеналға жақын жерде тұрғын үй салуға рұқсат берген мемлекеттік қызметкерлер де жазалануы шарт. Бұл жұмысты 10 тамызға дейін шұғыл жасау қажет. Барлық кінәлі азамат өз жазасын алуы керек, - деді Тоқаев.

Арыстағы жарылыс

24 маусым күні сағат 10 кезінде Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болды. Қала тұрғындары Шымкент пен көршілес аудандарға шұғыл көшірілді.

Ресми деректерге сүйенсек, оқиға салдарынан үш адам қаза тапқан – екі әскери қызметкер мен бір жергілікті тұрғын.

Жарылыс болғаннан кейін төртінші күні тұрғындар Арыс қаласына қайтты.

 

Поделиться публикацией :

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить

Новости партнёров

Загрузка...
Загрузка...