ПРЯМОЙ ЭФИР

Қосанов: Мен мәлімдеме жасағым келеді

Әміржан Қосанов Facebook арқылы видеохабарлама жасады

Президенттікке үміткер Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында өткен митинг жайлы өз ойын білдірді.

- Құрметті, Қазақстандықтар!  Менің бүгін шұғыл эфирге шығып тұрғанымның себебі бар. Бүгін астана және Алматы қаласында шетелде жүрген біраз псевдооппозиционерлердің шақыруымен «Бойкот» идеясын қолдаушылардың толқуы болды. Бұл үлкен резонанс туғызды және бұл рұқсат етілмеген, сайлау күні өтіп жатқан акция болғандықтан бұл оқиғаға қатысты құзырлы органдар өз позициясын айқын көрсетті. Осыған байланысты мен мәлімдеме жасағым келіп отыр. Біріншіден, қазір Қазақстан үлкен жауапты кезеңнің алдында тұр. Сондықтан шетелде жүріп кафеде кофе ішіп отырып алып, елді осындай отқа итермелеу,арандату, сайлау кезіндегі сайлау құқығын пайдалану процесіне өзінің зиянын келтіру, әрбір азаматтың Конституциялық құқығын пайдаланудың орнына алдын ала оны жазалайтынын, заңсыз екенін біле отырып сондай іс-шараға итеремелеуді мен нағыз саяси арандату, саяси оңбағандық деп санаймын. Бұл оқиғаға жастар араласып кетті, яғни, псевдодемократиялық, псевдооппозияциялық идеяларды ұстанып, алданып жатыр біздің жастар. Бұл отқа итермелеудің артында үлкен арам ой жатыр, арам пиғыл жатыр. Қазір Қазақстан транзит кезеңіне кірді. Транзит кезеңінде елдің ішінде саяси өзгерістер сөзсіз болады. Тек қана халықтың талабы емес, биліктің ішінде де елдің ойын, ниетін түсінетін күштер бар, қалыптасып келе жатыр. Біз неге билік өзгеру керек дейміз де, неге оппозиция өзгеру керек деп айта бермейміз? Оппозиция да қазіргі таңда супер радикалды, ешқандай да мәмілеге келмейтін позициясынан айнып, керісінше, мемлекеттің мүддесі, тәуелсіздіктің мүддесі, демократияның мүддесі, елдегі әділетті қоғам мүддесі төңірегінде диалогқа келу керек деп ойлаймын және диалог терезесі тең, тең құқылы болуы керек. Осындай арандату жиындары біздің қоғам дамуына ешқандай оң әсерін келтірмейді.

Еліміз қазір жаңа кезеңнің алдында тұр. Шынын айту керек, Қазақстан азаматы, талай жыл оппозицияның сабында жүрген азамат ретінде жүрген азамат ретінде айтамын, бізде ішкі қауіп емес, сонымен бірге, сыртқы қауіп те бар. Сыртқы қауіптің еліміздің үстінде төніп тұрған кезінде біз жауапсыз, еліміз үшін қауіпті жолға бара аламыз ба? Сондықтан мен билікті де, қоғамды да диалогқа шақырамын. Диалогқа мен бүгін ғана шақырып тұрған жоқпын. Диалогқа мен осыдан жиырма жыл бұрын шақырғанмын. Билікке қаншама сын айтсақ та, билікті жерден алып жерге салсақ та, біз мәміле, диалог, келіссөз мүмкіндігін сақтап келіп отырғанбыз.

Қазіргі арандатушыларға айтарым, сайлау кезінде қазақ қоғамын бұлар тағы да қақ жарып жіберді. Сайлауға демократиялық күштердің өкілі ретінде мен түскен кезде басында байкот деді, одан кейін мені қаралап күйеледі, айтпаған сөздер жоқ маған қарсы, сондықтан бұлардың артында тұрған арандатуға біздің жастар сенбеу керек.

Біздің қазіргі Президенттік сайлау, оның нәтижесі ертеңгі айтылатын және алдағы тұрған басқа да біздің саяси жүйені реформалайтын Парламент сайлауы келе жатыр. Басқа да біздің Үкіметке, басқа да басқару органдарына қатысты сөзсіз болуы тиіс реформалардың алдында біз жаңа оппозиция, жаңа күш, яғни, елдегі жағдайға, экономика, әлеуметтік, құқықтық, саяси жағдайға сыни көзқараспен балама бағдарлама білдіре отырып, билікпен бірге диалогқа келу, билікті диалогқа шақыру, балама бағдарламамыз арқылы, сайлауға қатысу арқылы оны соған итермелеу керек деп ойлаймын.

Құрметті, қазақстандықтар! Мен де осы елдің бір азаматымын. Маған да, ауылда жүрген ағайыннан бастап астанада жүрген шенділерге дейін керек нәрсе не? Еліміздің тәуелсіздігі, тыныштығы. Шет жақта жүрген азаматтардың арандатушылығына салынып біз елден айырылып қалмайық, тыныштығымыздан, мемлекетімізден, тәуелсіздігімізден айырылып қалмайық. Баршаңызды түсіністікке шақырамын және өзім кешегі Президенттікке кандидат ретінде, жиырма жыл бойы саясатта келе жатқан азамат ретінде дәл осы жолға мен өмірімді сарп еттім. Сондықтан Қазақстанға жаңа билікпен қатар, жаңа оппозияция керек. Жаңа билік пен жаңа оппозиция келіссөздің, диалогтің үстеліне отыру керек, сол диалог арқылы біз Қазақстанды жаңа Қазақстан етіп, әділетті, шыншыл Қазақстан ретінде қалыптастыра аламыз. Бүгінгі түн ортасында шығып, күндіз оқиғаларды көріп, талай біздің жастарымыздың соның елегінде кетіп қалғандығын көріп, мен осындай ашық эфирге шығып отырмын. Тыңдағандарыңызға рақмет! 

Автор: Жұлдыз Жолмахан

Поделиться публикацией :

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить

Новости партнёров

Загрузка...
Загрузка...