Оралман емес, қандас деген жарасады – Қасым-Жомарт Тоқаев
Оралман терминінен бас тартып, Қандас терминін қолдану керек.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «оралман» сөзінен бас тартуды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның орнына «қандас» сөзін пайдалануымыз керек.
- Мен бұрын айтқанымдай, тарихи отанына оралған қазақтарға қатысты Оралман терминінен бас тартып, Қандас терминін қолдану керек. Жеті атасын білетін халыққа Қандас деген ұғым жарасады, - деген жазба президенттің twitter-інде жарияланды.
Как я говорил ранее, надо отказаться от слова "оралман" в отношении вернувшихся на историческую родину казахов в пользу термина "қандас". Жеті атасын білетін халыққа "қандас" деген ұғым жарасады.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) 19 сентября 2019 г.
Подписывайтесь на нашу страницу в Facebook