ПРЯМОЙ ЭФИР

Айына 300 мың теңгелік жалақыға 7 пайыз табыс салығы салынуы тиіс

Мақсат - әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету

Сурет: akorda.kz
 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары барысында Үкіметке берген жеке табыс салығының үдемелі өлшемін енгізу туралы тапсырмасының мәнін түсіндірді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы, Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жариялады.

Қазақстан Президентінің пікірінше, мұндай жүйе бірқатар мемлекетте қолданылады. Қасым-Жомарт Тоқаев айына 250-300 мың теңге жалақы алатын азаматтар табыс салығын 7 пайыздық мөлшерлеме бойынша төлеуге тиіс деп санайды. Ал, жеке азаматтар үшін қазіргі табыс салығының мөлшерлемесі 10 пайыз. Ал, айына 300 мың теңгеден 1,5-2 миллион теңгеге дейін табыс табатындар үшін қазіргі 10 пайыздық мөлшерлеме сақталады. 
 
Президент жылына 25 миллион теңгеден көп табыс табатын азаматтар үшін пайыздық мөлшерлеменің көлемі артуы тиіс деген пікірде. Дегенмен, мөлшерлеме көлемін Үкіметтің комиссиясы анықтайды. Бұл ретте Мемлекет басшысы жеке табыс салығының пайыздық мөлшерлемесінің жоғарғы шекті деңгейі 15 пайыздан аспауы керек деп есептейді.
 
 
Поделиться публикацией :

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить

Новости партнёров

Загрузка...
Загрузка...