ПРЯМОЙ ЭФИР

Іскерлік кеш: Еліміздегі ең керекті мамандық

Қай мамандықты таңдаған дұрыс?

Фото: otyrar.kz

Бүгінгі күні қай мамандықтар сұраныста? Ал түлектердің көпшілігі қай мамандықты таңдайды? Ustudy, «125» білім беру орталықтарының директоры Әлібек Есeнов «Бизнес ФМ» радиосы арқылы берген сұқбатында осы және өзге де сұрақтарға жауап берді.

Айтуынша, мектеп бітірген жастар заңгер, қаржыгер, есепші, дизайнер мамандығын меңгеруді қалайды. Алайда аталмыш орталықтың директорының пікірінше, бұл мамандықтардың қажеттілігі шамалы көрінеді. Мысалы, бүгінгі күні жұмыс берушілер заңгер мен қаржыгерді жеке-жеке жалдамай, екі кәсіпті бірдей меңгерген жанды жұмысқа қабылдауға бейім. Сондай-ақ медицина мамандығын таңдаған білім алушы нақты қай бағытын таңдағысы келетінін алдын ала біліп алғаны жөн.

Ал қазіргі кезде сұранысқа ие, әрі жалақысы да жоғары маман иелері – психологтар. Елімізде психолог маман жетіспейді, сол себепті осы мамандықты таңдауға кеңес береді Әлібек мырза. Айта кетейік, өзінің қабілетінің қандай іске бейім екенін анықтай алмай жүрген жастар Әлібек Есeнов басқаратын орталыққа барып, тест тапсыру арқылы анықтай алады. Құны 20-30 мың теңге тұратын бұл тестті 6 жастағы баладан бастап ересектер де тапсыра алады.

Автор: Жұлдыз Жолмахан

Подкасты сілтеме арқылы тыңдай аласыздар:

 

Поделиться публикацией :

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить

Новости партнёров

Загрузка...
Загрузка...