ПРЯМОЙ ЭФИР

«Өте маңызды»: теңге бағамы қашан тұрақталады?

BusinessFM радиосында «TasGroup» компаниялар тобының қолдауымен әр сәрсенбі сағат 17.23 эфирге шығатын «Өте маңызды» бағдарламасының кезекті саны - күн сайын құбылып тұрған теңге бағамына арналды

Наурыз айының ортасындағы күрт құлдыраудан кейін теңге бағамы бірден нығайып келеді. Қазақстан экономикасы үшін бұл қаншалықты тиімді? Теңгенің аймақтағы геосаяи жағдайдың салдарынан бұлай құбылуы, оның валюта ретіндегі әлсіздігін білдіре ме?

Теңгенің нығаюы уақытша құбылыс па, әлде бұл оның нақты бағамын көрсетіп тұр ма? Осы және Ұлттық валютаның ахуалына әсер ететін өзге де жағдайларға байланысты қаржыгер Жалғасбек Ақболат мырза сараптама жасады.

Оның сөзінше теңгенің бұлай құбылуы елдің экономикалық жағынан әлсіз, шикізат нарығына тікелей тәуелді болуымен байланысты. Оның үстіне жыл сайын қаңтар-ақпан айларында теңге бағамы құлдырап отырады. Дегенмен, бұл уақытша құбылыс. Өйткені, жазда теңгенің бағамы тағы да әлсіреуі мүмкін.

Әрбір қазақстандық теңгенің нығаюына ықпал ете алады деген сарапшы ол үшін кәсіпкерлікті дамыту керек және отандық өнімдерді сатып алу қажет екенін ескертті.
Бағдарламаны жүргізген, Business FM журналисі Риза Исаева.

Поделиться публикацией :

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить

Новости партнёров

Загрузка...
Загрузка...