Сенат бала құқығын қорғауға арналған заңды мақұлдады
Бүгін сенаттың жалпы отырысында «Бала құқықтары туралы конвенцияға хабарлар рәсіміне қатысты факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» заңы мақұлданды
Заңның негізгі мақсаты — 2011 жылғы 19 желтоқсанда БҰҰ бас ассамблеясы қабылдаған бала құқықтары туралы конвенцияға хабарлар рәсіміне қатысты факультативтік хаттаманы ратификациялау. Факультативтік хаттама Қазақстан 1994 жылғы 8 маусымда ратификациялаған БҰҰ-ныңбала құқықтары туралыконвенциясына қосымша келісім ретінде саналады, baribar.kz хабарлайды.
Заңның міндеті – бала құқықтары туралы конвенцияда бекітілген құқықтар бұзылған жағдайларда балалардың немесе олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) жеке шағымдарын қарау тетіктерін белгілейтін хаттаманы ратификациялау. Хаттамаға сәйкес балалар немесе олардың өкілдері БҰҰ-ның бала құқықтары жөніндегі комитетіне өз құқықтарының бұзылғандығы туралы шағымдарды тікелей бере алады. Ол әрбір істі қарап, қатысушы мемлекеттерге нақты ұсынымдарды қамтитын шешімдер қабылдайды, — делінген сенаттың әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мәліметінде.
Подписывайтесь на нашу страницу в Facebook