ПРЯМОЙ ЭФИР

Freedom Mobile-мен бірге Димаш Құдайбергенді көру

Бұл Наурыз Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері үшін ерекше мейрам болды. Freedom mobile дүкендер желісінен сатып алынған OPPO reno8 T Series смартфондарының алғашқы сатып алушылары сахнада тірі аңызды көре алды. Ал Димашпен фотосессия басты сыйлық болды

Халықаралық этно-рок сахнасының жұлдыздары - Ulytau тобы  - мереке атмосферасын драйвқа бөледі. Іс-шараның хедлайнерлері қонақтарға арнап миллиондаған қазақстандықтардың сүйікті хиттерін орындады.

Іс-шара бағдарламасында ұлттық тәттілері бар фуршет, компания смартфондарының мүмкіндіктерін көрсететін этно- және хайтек стиліндегі керемет фотоаймақтар болды. Мысалы, OPPO reno8 t микроскоп камерасының көмегімен ұлттық тәттілердің текстурасын 40х дейін үлкейтіп көруге болады, яғни ол ұн мен қанттың ең ұсақ түйіршіктерін көруге мүмкіндік береді.

Қазақстандағы OPPO ресми дистрибьюторы  - смартфондар бойынша бас компания болып табылатын Freedom Mobile компаниясы.

Іс-шараның екінші бөлімі Димаш Құдайбергенмен жаныңды жадыратар жылы тілдесумен жалғасын тапты. Іс-шараны ұйымдастырушының ресми аккаунтында орындаушыға арналған сұрақтар конкурсы алдын ала жарияланған болатын. Ең қызықты деген сұрақтар таңдалды, олардың арасында тіпті Венгриядан келген жанкүйердің сұрағы болды. Димаш өзінің жоспарында қандай концерттер бар екенін, өз смартфонында бейнені өзі өңдейтінін, күнтізбесін немен толтырғандығын жанкүйерлерімен бөлісті.

Кеш соңында қонақтарды кішкентай ғажайып күтіп тұрды. Димаш барлық жанкүйерлеріне фотоаймақта киіз үйдің интерьерінде суретке түсуді ұсынды. Бұл дүрбелең тудырды, бірақ жұлдызымыз барша жанкүйеріне көңіл бөлуге тырысты. Бренд жанкүйерлері және  dears іс-шарадан бақыттан бал-бұл жанып, күлімдеп шығып жатты.

Поделиться публикацией :

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить

Новости партнёров

Загрузка...
Загрузка...