ПРЯМОЙ ЭФИР

"Өте маңызды": еліміздің несие нарығы туралы

Business FM радиосында экономика, іскери сала, қаржы мен қор нарығындағы жаңалықтар мен оқиғаларға кәсіби талдау жасау мақсатында «Өте маңызды» аталатын жаңа бағдарлама шыға бастады

Вы можете прослушать подкаст программы  «Финансы»:

«TasGroup»  компаниялар тобының демеушілігімен ашылған бағдарламаның тұрақты сарапшысы және жүргізушісі аталған компаниялар тобының негізін қалаушы және басшысы, белгілі меценат Дулат Тастекей. 
 
Бағдарламаның әр саны еліміздегі эконмикалық жағдайды талдауға арналады. 9 наурыз күнгі санында «Өте» маңызды бағдарламасы аясында еліміздегі несие нарығының бүгінгі ахуалына шолу жасалды. «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заң  жобасына қатысты да талдау болды. 
 
Сондай-ақ, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 13,5% деңгейінде қалдырды. Теңгедегі депозиттердің сыйақысы көтерілді, сонымен қатар несиенің де пайыздық мөлшерлемесі арта түспек. Мұндай жағдайда несие алуға бола ма? Несиенің пайдасы мен зиянды тұстары қандай?  Осыған орай, бағдарлама барысында «TasCredit»  микроқаржылық ұйымының негізін қалаушы және басшысы, бағдарламаның тұрақты сарапшысы  және жүргізушісі Дулат Тастекей  ендігі жерде несие алуға бола ма деген сауалға талдау жасап, әрі пайдалы кеңес берілді. 
 
Бағдарлама жүргізушілері:  «TasGroup»  компаниялар тобының негізін қалаушы, басшысы - Дулат Тастекей; «Assyl Tas» қоғамдық қорының жетекшісі - Рауан Оқас «Business FM» журналисі - Риза Исаева.
Поделиться публикацией :

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить

Новости партнёров

Загрузка...
Загрузка...