ПРЯМОЙ ЭФИР

Айдын Рахымбаев әйелі екеуі үш баланы қалай асырап алғанын айтып берді

Рахымбаевтар отбасының сүретінде жеті бала. Біреу айту мүмкін: ақша болған кезде көп балалы отбасы болу оңай. Бірақ Айдын Рахымбаев, директорлар кеңесінің төрағасы және BI Group компаниясының ірі акционері, меценат, YPO мүшесі, Қазақстандағы ең бай адамдардың бірі бірден үш баланы асырап алғанын білмейді. Әлеуметтік желілердегі парақшасында ол әйелі екеуі қалай осындай қадамға баруға шешім қабылдағанын айтып берді.

Айдын Рахимбаев
 Жұбайым екеуіміз қалай бала асырап алғанымыз жайлы, деп жазды Айдын Рахимбаев өзінің Facebook парақшасында. 4 жыл бұрын осы күнде біз Анар екеуіміз төрт жасар кенже қызымызбен жасты қыз баламен танысуға балалар үйіне барғанбыз. Асырап алғанға қолайлы жас деп есептедік, себебі кенже қызымыз да сол жаста болатын, бірге апалы-сіңлі болып өседі деген ойда едік.

Кездесуді күтіп отырған кезімізде бізге қателік жіберілгені жайлы хабарлады: біз танысайық деген қыз баланың 8 жасар ағасы мен 11 жастағы апайы бар екен. Әрине, біз бұндай өзгеріске дайын болған жоқпыз.
 
Үшеуінің кездесу бөлмесіне кіріп келгені әлі де есімде.. Шашы қысқа алынған ұл мен бантик киген екі қыз да ұқыпты, мектеп киімін киген.. Олардың не үшін мұнда келгенін, өздерін қалай ұстау керектігін білгендігі анық көрінді. Біз одан әрі абыржып кеттік.. Өз көзімізге өзіміз сенбей, талай сезім мен ойға баттық..

Кездесу кезінде жұбайым көз жасын тыюға тырысқанмен, тоқтата алмады. Мен болсам, осындай ұқыпты, зерек, әп-әдемі балалардан қалай бас тартуға болатынын түсінбей, жүрегім шаншыды.. Не істерімізді білмей, кездесуден кейін ойлануға уақыт сұрадық, бірақ қандай шешім қабылдайтынымызды ішімізден алдын ала сездік..

Кешке үйде бәріміз ақылдасып, үшеуін де алып кетуді шештік!

Ал одан кейін балаларға деген әділетсіздік жайлы ойлар мен ұйқысыз түндер, үлкен жауапкершілік сезімі бас салды.

Заң бойынша балаларды демалыс күні жақынырақ танысу мақсатында үйге алып кетуге рұқсат берілген. Бірге бір-екі күн уақыт өткізген соң қоштасу одан бетер қиын болғаны сонша, кенжеміз «үйде қаламын» деп жылады.. Әрең қоштасып, қайта кездесуге уәделесіп қана тынышталдық, бірақ көз жасынсыз болмады.

Бар күшімізді салып, бір апта ішінде балаларымызды қамқорлыққа алып, үйге алып келдік. Бірақ күтпеген жерден ұзақ бала асырап алу үрдісі басталды.. Құжаттарды рәсімдеу, сот, сараптама, қорытындылау, осының барлығын өтіп, бір жылдан соң ғана балаларға өз тегімізді бере алдық!

Балалар жанұямызға тез сіңіп кеткені сонша, оларсыз өмірімізді елестету мүмкін емес. Үлкендеріміз болса кішілерге қамқорлық көрсетіп, тәртіпке үйреніп, өзімізбен бірге өзгере бастады.

Олардың арқасында кішілер де тез бейімделіп кетті. Ең қызықтысы – бір-екі бала шаруа тудырады, үш-төрт бала қиындау, ал төрттен көп болса, бәрібір екен..)) Көбірек болса жақсы деп ойлайсың.


Балаларымыздың сезімдері мен тыныштығына зиян келтірмеу үшін біз ешкіммен бұл жайлы бөліспегенбіз. Қазір болса, олар ер жеткен, Рахимбаевтар әулетінің ажырамас мүшелері.

Анар екеуіміз үлкен қызымызбен ақылдасып, басқалармен өз оқиғамыз жайлы бөлісуге шешім қабылдадық. Себебі, бала асырап алу жайлы ойлап жүрген, бірақ күмәнге батып жүрген талай ата-ана мен балалар үйінде қамауда жүрген талай бала бар емес пе.. Қызымыз да бұл ойды қолдады. Балалардың барлығы ата-анасының қолында өсуі керек.

Бала асырап алу жайлы бір рет болса да ойланған ата-аналар болса, жұбайым екеуімізде соларға айтатынымыз бар: қиындықтан корықпаңыздар, оның есесі мың есе қайтады. Сіз баланың өміріне үлкен бақыт әкелесіз, ал ол сіздің өміріңізді гүлдендіреді. Сізде АДАМНЫҢ ТАҒДЫРЫН толықтай өзгерту мүмкіндігі бар. Ал асырап алған балаларыңыз бірден болмаса да, уақыты келгенде, сіздерді қуантады!
Қазақстандағы балалар үйінің барлық тұрғындары өз отбасын таба алатынына біз Анар екеуіміз сенеміз. Бұл қалай қиын болса да, балалардың ата-анасының қолында өсуі өте маңызды.

Ұзақ заңгерлік үдерістерді өтіп болған соң, «Ана Үйі» жобасының қамқоршылары, бизнесмен жолдастарыммен бөлістім. Ақылдасып, барлығымыз бірігіп бала асырап алушыларға заңды және психологиялық қолдау көрсету, қаржылай көмек көрсетумен айналыстық. Осы жылдар ішінде біздің қызметіміз өсіп, Ұлттық бала асырап алу агенттігі құрылды. Бүгінде мыңнан астам балаға өз ата-анасын табуға көмек көрсетілді!

Қазір балалар үйінде 6 жастан үлкенірек балалар көбірек, бұл жақсы көрсеткіш, қайткенмен, ересек баланы асырап алу қиын.Ата-аналарға арнайы білім, қолдау және батылдық қажет. Ересек балалармен қиындық тууы мүмкін, себебі балалар үйінде өткізген қанша жылдар өз ізін қалдырады.. Дегенмен, бұны да шешуге болады. Ең бастысы балаға жылулық, қорғаныш және сүйіспеншілік сыйлау керек.

Анар екеуіміз бір ғана нәрсе жайлы өкінеміз. Біз неге бұл қадамды 3,5 жыл бұрын жасамағанбыз? Жаңа балаларымызды енді ғана тастап кеткенде, бірден оларды неге алып кетпегенбіз? Осы сұрақ қана әлі күнге дейін тыным бермейді..

P.S. Егер де осы мәселе қатысты сұрақ туындаса немесе көмек қажет болған жағдайда, біздің Ұлттық ала асырап алу агенттігіне хабарласуыңызға болады: Қор жетекшісі – Балия, 87028019911; Ұлттық бала асырап алу агенттігі жобасының жетекшісі – Ләззат, 87473119783; немесе Call Center 1422, www.januia.kz.
 
Поделиться публикацией :

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить

Новости партнёров

Загрузка...
Загрузка...