ПРЯМОЙ ЭФИР

SoftBank Group Корпорациясы технологиялық стартаптарға инвестициялар салған $100 млрд қорды табысты аяқтады

Енді венчурлық қаржы қорынан акция сатып алу үшін өз қызметкерлеріне 20 млрд долларға дейін қаражат беруді жоспарлап отыр. Өз қызметкерлерінен бөлек, Apple, Microsoft Корпорациясы, Foxconn Technology Group және «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» қаржы құяды деп күтілуде. Сондай-ақ, ол Жапонияның қаржы орталықтарының қолдауына ие болды. Әрі оған қатысу үшін өзара түсіністік туралы меморандумға да қол қойылды.

Вы можете прослушать подкаст программы  «Новости»:

Жол полициясына ала таяқтары қайтарылуы мүмкін, деп хабарлайды Алматы арнасы. Белгілі болғандай, түнде және жауынды күндері көше қиылысында тұратын полицейлерді жүргізушілер көрмей қалады. Сондықтан еліміздің ішкі істер министрлігі жезлды қайтару туралы ойланып жатқанға ұқсайды. Оған себеп, азаматтар тарапынан түскен шағымдардың көптігі. Министрлік таратқан хабарламаға сүйенсек, ала таяқ тек жол қозғалысын реттеуге ғана қолданылады делінген.
 
Алматыда жеке тұлғалардың салық бойынша берешегі 3,6 млрд теңгеге жеткен, Алматы арнасы. Бұл шамамен 117 мыңнан астам алматылықтың салықтан қарызы бар деген сөз. Өсімпұл көлемі – 1,3 млрд теңге. Енді рақымшылық арқылы дәл осы сома кешіріледі. Заңға сәйкес, салық бойынша берешегі бар азаматтар негізгі берешек сомасын төлеген жағдайда, өсімпұлдардан құтылады. Бұл көлік, жер және басқа да салықтарға байланысты. Сонымен қатар, жеке тұлғалар салық органдарына келуі керек па деген сұрақ туындауы мүмкін. Қажет емес. Олар өздерінің негізгі сомасын төлеген жағдайда, бұл автоматты түрде жеке тұлғаның дербес шотында пайда болады. Ал оны салық қызметкерлері күнделікті бақылап отырады.
Поделиться публикацией :

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить

Новости партнёров

Загрузка...
Загрузка...