«Өте маңызды»: Табысқа жету үшін неден үнемдей білу керек?
«TasGroup» компаниялар тобының қолдауымен, әр сәрсенбі сағат 17.20 эфирге шығатын бағдарламаның кезекті қонағы – кәсіпкер Сырымбек Тау. Ол - Yokohama және Triangle шиналарының дистрибьюторы - Daco motors KZ компаниясының, SamgaPress баспасының иесі. Тәжірибелі кәсіпкер ретінде ол өмірлік ұстанымдары мен басшылыққа алатын қағидалары туралы айтып берді

























