ПРЯМОЙ ЭФИР

«Өте маңызды»: «AssylTas» бизнес грантына жобалар қабылданады

Business FM радиосында экономика, іскери сала, қаржы мен қор нарығындағы жаңалықтар мен оқиғаларға кәсіби талдау жасау мақсатында «Өте маңызды» аталатын жаңа бағдарлама шыға бастады

Вы можете прослушать подкаст программы  «Бизнес»:

Асылтас бизнес гранты «TasGroup» компаниялар тобының құрылтайшысы Дулат Тастекеевтің бастамасымен «AssylTas» қорының демеушілігімен екінші жыл жалғасып отыр. Жобаның негізгі мақсаты Қазақстанның жас кәсіпкерлерін қолдау. Оған Қазақстан бойынша жас шамасы 18-35 жас аралығындағы кез келген азамат жобасын ұсына алады. «AssylTas» биыл бұл жобаға 20 млн теңге бөліп отыр.

Өтініштердің алғашқы  легі 1 мамырға дейін қабылданады. Шарттар қарапайым:  1. Сауалнаманы толтырыңыз; 2. Бизнес-жоспарыңызды жазыңыз; 3. Өзіңіз және кәсібіңіз туралы бейнеролик түсіріңіз;  2022 жылдың 5 мамырында екі жеңімпазды анықтаймыз. Оларға 3 және 2 млн.теңге қайтарымсыз грант табысталады. Бұл жоба жыл соңына дейін жалғасын табады.

Жобаның өзге де талаптары мен ережелері жайлы «Өте маңызды» хабарының кезекті санынан біле аласыздар. 

Бағдарламаның демеушісі «TassGroup» компаниялар тобы.

Поделиться публикацией :

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить

Новости партнёров

Загрузка...
Загрузка...