ПРЯМОЙ ЭФИР

Елімізде жаңа музыкалық телеарна ашылды

Ағымдағы жылдың бірінші желтоқсанында жаңа музыкалық телеарнаның тұсаукесері Алматы қаласында «JYL TANDAYY» ұлттық музыкалық тележүлдесінің аясында өтті.

Қалың көпшілікке жол тартқалы отырған BRIDGE TV QAZAQSTAN – отандық телеарна. Қазақстанның үздік әндерімен қатар Ресейдің үздік музыкалық туындылары, концерттер, танымдық, сауықтық бағдарламалар эфирдің негізін құрайды. Жалпы, BRIDGE TV бренді ресейлік BRIDGE MEDIA музыкалық холдингіне тиесілі. BRIDGE MEDIA телеарналар тізімінде BRIDGE TV, BRIDGE CLASSIC, BRIDGE TV DELUXE, BRIDGE TV РУССКИЙ ХИТ және BRIDGE TV HITS-тен жаңадан ашылған BRIDGE TV QAZAQSTAN алтыншы болып ашылғалы жатыр.  
 
Телеарна Қазақстан музыкалық кеңістігінде кәсіби телевизиялық өнімдердің жаңа толқынын бастауды және музыкалық индустрияны қарқынды леппен дамытуды көздейді. Амбицияға толы шығармашылық және ұйымдастырушылық топ «біздің телеарнаны слоганымызға сай «Бұл нағыз музыка!» деп тамашалайсыз деп тағатсыздандыра күттіруде.
Поделиться публикацией :

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить

Новости партнёров

Загрузка...
Загрузка...