Бүркіт пен Наташа Королеваның жұртты шулатқан бейнебаяны желіде жарияланды - видео
Наташа Королева мен белгілі қазақ әншісі Бүркіт қазақ тілінде дуэт жазып, бейнебаян түсірді
Ресейлік әнші Наташа Королева мен белгілі қазақ әншісі Бүркіттің «Қылықты қыз» әніне түсірген бейнебаяны YouTube желісінде жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Видеоның басында Королева Алматыға жаңа келіп жеткен, сол кезде көшеде ұлттық мейрам болып жатады. Әнші де қарап тұрмай, халықпен бірге тойлай жөнеледі.
«Бұл мен үшін қызықты жұмыс болды, қазақ тілінде Бүркіт сынды жігітпен ән айту – ұмытылмас оқиға! Қазақ достарым, осы бір қайталанбас тәжірибе үшін рахмет! Жұмысымыздың нәтижесін менің YouTube арнамнан көре аласыздар», - деп жазды Наташа Королева әлеуметтік желіде.
Наташа мен Бүркіттің тыңдармандары дуэтты жылы қабылдап, ресейлік әншінің қазақ тілін мақтады.