ПРЯМОЙ ЭФИР

Мақсат – тоқсан сайын 100 мың көлік шығару

Tesla компаниясы үшін бұл жартыжылдық сәтті аяқталды. 95 200 көлік сатылған, деп хабарлайды 24.kz

Фото: techcult.ru

Шығын $408 млн жетті.

«Шығын шықпай кіріс кірмейді» дейді. Бірақ компания өкілдеріне бұл салмақ саларлық қаржы болмаған сияқты. Жіктей кетейін, $117 млн қайтақұрылымдау жұмыстарына жұмсалды. Биыл 360 мыңнан 400 мыңға дейін көлік электромобиль шығарылуы тиіс.

Межеге жету үшін компания тоқсанына 100 мың көлік шығаруы керек. Бұған Шанхайдағы зауыттың іске қосылуы, сондай-ақ Фримонттағы кәсіпорынның өндіріс көлемін арттыру арқылы қол жеткізіледі. Болжам бойынша, үшінші тоқсанда кіріс бола қоймас, бірақ жыл нәтижелі аяқталуы керек. 2020 жылдың күзінде Y модельді шағын кроссовер нарыққа шығады.

Жаңалықтар шығарылымын«Бизнес FM» әуе толқынынан тыңдай аласыз:

Смартфондар сатылымы 2,5 процентке азаяды

Күншығыста басталған сауда соғысы да экономикаға кері әсерін беріп жатыр. Мысалы, оңтүстіккореялық Samsung Electronics компаниясының кірісі бірінші жартыжылдықта екі есеге құлдыраған.

Таза табыс $4,4 млрд жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 53% төмен. Сатылым $47 млрд азайып кетті. Жалпы сарапшылар әлемдегі смартфондар сатылымының төмендейтінін болжап отыр. Gartner компаниясы өкілдеріне сенсек, биыл гаджеттер $1,5 млрд данаға аз сатылады. Бұл – жалпы өнімнің 2,5 проценті. Әсіресе, Жапониядағы көрсеткіш 6,5% азаймақ. Батыс Еуропада да жағдай осындай. Өнім 5,3%, АҚШ-та 4,4% аз сатылуы керек. Бұған қымбат баға ғана емес, гаджеттің жаңа модельдерін шығаруға деген құлықсыздық себеп болады. Қазір Африка мен Таяу Шығыста сатылым көрсеткіші жоғары. Айта кетейін, келер жылы смартфондар нарығы қайтадан белсене түседі. Өсім 2,8% жетеді.

Поделиться публикацией :

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить

Новости партнёров

Загрузка...
Загрузка...