ПРЯМОЙ ЭФИР

Әлемде алтын қымбаттап, күміс арзандады

Алтынның құны аспандап барады. COMEX-те қымбат металл фьючерстерінің бағасы бір троя унциясына 1442-1461 доллар шамасында саудаланды, деп хабарлайды 24.kz

Фото: goldenfront.ru

Алтынның құны аспандап барады. COMEX-те қымбат металл фьючерстерінің бағасы бір троя унциясына $1442-1461 шамасында саудаланды.

Қазір алтынды $1466 алуға болады. Өсім 1,7%. Ұлттық банктің сайтында металдың бір грамы 17,4 мың теңгеге сатылуда. Ал күміс керісінше арзандауда. Өткен аптада баға 0,6%-ға, яғни $16,2  дейін, ал мыс 5,8%-ға, фунт үшін $2,56 дейін төмендеді. Айта кетерлігі, сарапшылар алтын нарығын қолдайды. Әрі күзде қымбат металл бағасы $1500 дейін өсуі мүмкін деген болжам жасады.

Жаңалықтар шығарылымын «Бизнес FM» әуе толқынынан тыңдай аласыз:

Еліміздегі үш сақтандыру компаниясы нарықта үздік деп танылды. Жалпы Қазақстан жақсы нәтиже көрсетуде. Ұлттық банк жартыжылдық қорытындысын жариялап, сыйақы, өтемақы, қор, жеке капитал, жарғылық капитал және бөлінбеген пайда бойынша үдеден шыққан ұйымдарды даралады. Айта кетейін, жыл басынан бері сақтандыру сыйақысы 169 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6 процентке көп. Азаматтарға 64 млрд теңге берілген. Бұл да былтырғыға қарағанда, 62 процентке артық. Сақтандырушылардың активінде 751,8 млрд теңге жиналды. Бұл 8 процентке артық көрсеткіш. Сақтандыру резерві 4% артып, 270,6 млрд теңгені құрады. Жеке капитал  444 млрд теңге, жарғылық капитал шамамен 260 млрд теңгеге жетті.

Дегенмен, сақтандырушылар кірісі 26% азайып кеткен. 

Жыл басынан бері еліміздегі азық-түлік бағасы 6 процентке артқан

Біз жаз мезгіліндегі отандастарымыздың жиі тұтынатын көкөністерінің бағасына сараптама жасап көрдік. Өңірлерде қызанақ бағасы әрқилы әрі қымбаттау. Мысалы, Өскеменде 400-450 теңге шамасында. Шымкент қаласында томаттың бір келісін 80 теңгеге алуға болады. Ал қияр Өскемен мен Көкшетауда қымбаттау. Бір келісі 250-300 теңгеге сатылуда. Қарбыз бағасы 40-80 теңге аралығында. Елордалықтар қызанақты 350-450 теңгеге алып отыр. Қияр үшін 149-174 теңге төлейді. Ыстық күнде жанына сая берер қарбыздың келісі шамамен 87 теңге.

Юань әлсіреді 

Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысы валюталық дау-дамайға ұласты. Тұңғыш рет аталған валюта долларға шаққанда 7 юаньға түсіп кетті. Осылайша Бейжің АҚШ президенті Дональд Трамптың қытай импортына жаңа тариф енгізетіні туралы мәлімдемесіне жауап берді. Олардың айтуынша, валюта курсы нарыққа негізделген. Мамыр айында ғана Қытай юаньды басынатындардың жағдайы қиын болатынын ескерткен. Аспан асты еліндегі мемлекеттік компаниялардың да АҚШ-тан ауылшаруашылығы тауарларын алуды тоқтататыны айтылуда. Сарапшылардың пікірінше, АҚШ-тың Қытайға күш көрсетуге ұмтылып жатқанына қарамастан, өздері ұтылып жатқандай. Себебі, Трамп долларды әлсірету керектігін жиі айтқанымен, ол күшейіп келеді. Бұл сауда соғысы жағдайында жақсы көрсеткіш емес.

Поделиться публикацией :

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить

Новости партнёров

Загрузка...
Загрузка...

Установите приложение Бизнес FM

Бесплатно для iOS и Android