ПРЯМОЙ ЭФИР

Тоқаев Қытай телеарнасына сұхбат берді: президент не туралы айтты

Мемлекет басшысы қазақ-қытай қатынасының дамуына қатысты өзінің ой-пікірімен бөлісті

Фото: Берік Уәлидің Facebook-тегі парақшасынан

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары қарсаңында Қытайдың CCTV телеарнасына сұхбат берді, Sputnik Kazakhstan деп хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары 11-12 қыркүйекке жоспарланған.

«Мемлекет басшысы қазақ-қытай қатынастарының даму перспективаларына қатысты өзінің ой-пікірімен бөлісті. Күн тәртібіндегі екіжақты мәселелерден бөлек, қытайлық журналистерді Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазіргі халықаралық қатынастардағы Қытайдың рөліне, ҚХР-ның 70 жылдық мерейтойы қарсаңындағы жетістіктеріне берген бағасы аса қатты қызықтырды. Сондай-ақ, президент өзге де жеке мәселелерге қатысты сауалдарға жауап берді», - деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Сұхбат CCTV телеарнасының эфирінен көрсетіледі.

Сондай-ақ Тоқаев Қытайдың 70 жылдық мерейтойына орай құттықтау жазып қалдырды.

- Ұлы Қытай Халық Республикасына үлкен табыстар тілеймін, - деп жазды президент.

Поделиться публикацией :

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить

Новости партнёров

Загрузка...
Загрузка...