«Самұрық-Қазына» Арыстағы 68 әлеуметтік нысанды қалпына келтіруді аяқтады
Қор Арыстағы жұмыстарына 1 шілдеден бастап кіріскен болатын. Сонымен 68 әлеуметтік нысанның ішінде 64і жөнделіп, 4-еуі бұзылып, қайта тұрғызылды. Бүгінгі таңда 56 нысан пайдалануға берілген, ал 8інің жөндеу жұмыстары 20 тамызға дейін аяқталады.
Вы можете прослушать подкаст программы «Новости»:
Ол қайта қалпына келтірілген 4 нысан қыркүйек-қазан айларында қолданысқа беріледі. Олардың қатарында жәрдем және стоматологиялық бөлімдер, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және балабақша бар. Жалпы, «Самұрық-Қазына» Арыс қаласындағы жұмыстарға 7 млрд теңге бөлген болатын.
Бүгін «Қара алтын» бағасы өсті. Дегенмен Қытайдың қыркүйек айына белгіленген америкалық баж салығына ///жауап қайтаратыныны туралы ақпарат нарықтың тұрақталуына кедергі келтіріп отыр. Айта кетейік, бұған дейін Дональд Трамп бірқатар қытайлық тауарға 10%-дық салық салуды кейінге шегеретінін мәлімдеген болатын. Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, Лондондағы ICE Futures биржасында Brent сұрыпты мұнай баррелі $58.82, ал Лондон және Нью-Йорк биржаларында 55.жүзден 8 долларды құрады. Жалпы осы айда мұнай бағасы тұрақсыз. Бұған негізгі 2 фактор себепші. Бірі АҚШ пен Қытай арасындағы сауда текетіресі, екіншісі Сауд Арабиясының шикізат құнының құлдырауын тоқтатуға бағытталған шараларының ықпалы.
Apple iOS-тің виртуалды көшірмесін жасаушы – Corellium компаниясын сотқа бермекші. бұл – //iOS көмегімен виртуалды машиналар жасауға мүмкіндік беретін компания. Олардың көмегімен әзірлеушілер жүйенің осал жерін табалады. Осы ретте Apple Corellium-ді компанияның рұқсатынсыз/// операциялық жүйенің, графикалық интерфейстің және iOS-тың басқа элементтерінің толық көшірмесін жасады деп айыптап отыр, яғни авторлық құқықты бұзды дейді. Сондықтан Аpple соттан Corellium-нен шығынды өндіріп алуды және компанияны пайдаланушыларға/// авторлық құқықты бұзғаны туралы хабарлауды міндеттеуін сұрады.
Подписывайтесь на наш канал в Telegram