ПРЯМОЙ ЭФИР

Көпбалалы және жалғызбасты аналарға да бизнесвумен атануға мүмкіндік туды

Бұл үшін Алматыда арнайы «Бақытты отбасы» орталығы ашылды. Жаңа мекеме әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетеді. Яғни, үйде отырған қыз-келіншектер енді ісмерлік пен аспаздықтың қыр сырын тегін меңгере алады.

Вы можете прослушать подкаст программы  «Новости»:

Отбасы орталығы материалдық қана емес, моральдық тұрғыдан да көмек көрсетеді. Кәсіби педагогтар тренингтер өткізіп, психологтар іскер әйел болуға қалыптастырады. Сондай-ақ, орталық көптеген мамандық бойынша тегін курстар өткізіп, кәсібін ашуға мемлекеттік гранттарды да бөледі. Әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларды қолдауға арналған орталық ISKER ANA жобасы аясында, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығымен бірлесе жүзеге асырылып отыр. 

Үкімет әлеуметтік маңызы бар 10 тауардың бағасын қадағалайды.

Жыл басынан бері инфляция 4-6% дәліз шегінде сақталуда. Жылдық инфляция 5,4% деңгейінде қалыптасты. Инфляцияның өсуіне ең көп әсер еткен - азық-түлік тауарлары. Ұлттық экономика министрлігінің хабарлауынша, барлық өңірлерде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы инфляциядан асады. Ең жоғары өсу Нұр-Сұлтан, Жезқазған және Талдықорған қалаларында байқалады. Тауарлар бағасына талдау жүргізілгенде, тұтынушылар бағасының өндірушілердің немесе импорттық бағалардан едәуір жоғары екені анықталған. Инфляцияны белгіленген дәлізде ұстап қалу үшін 10 тауар анықталды. Бұл пияз, сәбіз, картоп, қызылша, күріш, ұн, жылқы еті, қой еті, сиыр еті және нан. Тауарлардың осы тобы бойынша күшейтілген бақылау жүргізіледі, сондай-ақ олардың бағаларын төмендету бойынша шаралар қабылданады - деді Ұлттық экономика министрі.

Алибаба бірінші тоқсандағы табысын жариялады. Маусымның 30 қорытындыланған қаржылық кезеңнің мәліметтеріне сүйенсек Қытайлық компанияның 7,78 млрд юань, АҚШ долларына шаққанда $1,1 млрд табыс тапқан. Соңғы кездері аталған сегменттегі өсім қарқыны төмендегенімен компанияның жылдық көрсеткіштері керісінше 66 пайызға өскен екен. осылайша Алибаба Клоудтың жылдық табысы $4,5 млрд болуы мүмкін, гуглмен салыстырғанда бұл әрине төмен көрсеткіш, ондағы жылдық табыс $8 млрд құрайды.

Ресейден қомақты қарыз алған елдер белгілі болды. атап өтсек олар Беларусь, Украина және Венесуэла. Жыл басынан бері Минсктің берешегі шамамен $8 млрд жақындаған. Киев $4 млрд  жуық қаржы алыпты. Ал $3,15 млрд Венесуэла өтеуі тиіс. Жалпы ресейліктердің өзге мемлекеттерге несие беру бойынша бағдарламасы құпия режимде жұмыс істейді. Себебі қарыздың дені коммерциялық бағытта емес, саяси негізде алынады екен. РБК агенттігі $27 млрд борышы бар 17 мемлекетті анықтапты. Айта кетейін, жылдың басында Ресейдің сыртқы қарызы $453 750 млн АҚШ құрады. Қазақстанның сыртқы берешегі сәуір айында $157,6 млрд жетті. Ал АҚШ-дың шет елдерге қарызы $22,5 млрд асқан.

Жыл басынан бері Оңтүстік Корея банктеріндегі шетелдік валюта депозиттері 710 млн долларға азайып, 69,67 млрд долларға жетті. Нақты АҚШ долларымен жиналған қаржы үлесі $60 млрд долларға шамасында. Жіктер болсам, заңды тұлғалардың банктегі қаражаты 190 млн долларға азайып, $46,9 млрд-қа жеткен. Жеке тұлғалардыкі $12,7 млрд. Бұл 110 млн долларға аз. Мамандардың пікірінше, депозиттердің бұлай азаюына вонның долларға шаққандағы бағамының өсуі себеп. Естеріңізге салсақ шілденің соңында $1 доллар 1183,1 вонды құрады.

Поделиться публикацией :

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить

Новости партнёров

Загрузка...
Загрузка...