ПРЯМОЙ ЭФИР

Қазақстан жыл басынан бері экспортқа 1,219 автомобиль жөнелтті

Мәліметтерге сүйенсек, отандық машина жасаушылары автомобиль шығаруын еселей түсуде. 2019 жылдың шілде айында барлық үлгідегі 4,064 көлік құралы шығарылып, автоөнеркәсіптің нарықтық үлесі сол айда 61%-ға жеткен. Бұл жыл ішіндегі рекордтық көрсеткіш саналады.

Вы можете прослушать подкаст программы  «Новости»:

Жалпы жыл басынан бері экспортқа 6 512 млн теңгенің дәл осы маркадағы 1 219 көлігі жіберілген болатын. Осы жылдың 7 айында елімізде 24,687 көлік құралы жасалса, шілде айында отандық машина жасаушылар шығарған өнімнің құны 26 492 млн теңгені құрады.
 
Елімізде азық-түлік бағасы өсіп жатыр, деп хабарлайды 24.кз. Әсіресе, әлеуметтік маңызы бар 19 өнім бойынша айтарлықтай қамбатшылық байқалған. Бұл жөнінде Үкімет үйінде өткен брифингте белгілі болды. Өсім көлемі шамамен 9 пайызды құрайды. Бірақ әр өңірде көрсеткіш әрқалай. Мәселен, азық-түлік бағасы еліміз бойынша Нұрсұлтан қаласында ең жоғары болса, Көкшетауда, керісінше, ең төмен. Осыған байланысты енді құзырлы министрлік 10 негізгі тауардың бағасын қатаң бақылауға алмақ. Оның ішінде сиыр еті, қой еті, картоп, пияз, ұн және нан бар.
 
Алматыда «Көктөбе» ойын-сауық саябағында алма пішіндегі арт-нысан пайда болды. Олан тіпті кино көруге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Инновациялық жоба – металл және ағаштан жасалған ерекше қондырғы. Алманың өзегінде Led-экран орнатылған. Онда «Қазақфильм» киностудиясы түсірген Қазақстан туралы мұрағаттық фильмдерді үздіксіз көруге болады. Өнер нысаны заманауи элементтермен ерекше. Led экран көк түсті металдан жасалса,  Футуризмнің негізгі элементтері, ХХІ ғасырдағы қаланың өмірін бейнелейді, ал мұрағаттық фильмдер – Алматының бұрыңғы келбетін еске түсіреді.
 
YouTube 2019 жылдың қыркүйегінен бастап түпнұсқа шоуларды көруді  ақысыз етпек. Бұрындары ондай видеоларды тек Premium-аккаунттардың иелері ғана көре алатын. Енді олар 24 қыркүйектен бастап қарапайым пайдаланушыларға да қол жетімді. Сонымен қатар, жаңадан шыққан телехикаялардың премьераларынан кейін, бірдестен барлық серияларын жарнамасыз тамашалай алу мүмкіндігі бар. Тіпті премиум жазылымдағы қолданушылар эксклюзивті мазмұнға, яғни режиссерлік нұсқаға қол жеткізе алады.
Поделиться публикацией :

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить

Новости партнёров

Загрузка...
Загрузка...