ПРЯМОЙ ЭФИР

«Өте маңызды»: Брокер таңдауда абай болған жөн

«Өте маңызды» бағдарламасына «Жусан Инвест» ірі клиенттермен жұмыс департаментінің вице-президенті Айгерім Молдабекова қатысты. Айгерім Молдабекова құнды қағаздардың түрлерін, олар қалай саудаланатынын және қор нарығына инвестиция салу үшін лайықты брокерді қалай таңдау керек екеніне мән берді

Вы можете прослушать подкаст программы  «Бизнес»:

Қазақстанда соңғы жылдары құнды қағаздар нарығына қызығушылар саны артып келеді. Дегенмен, бұл еліміз үшін жаңа сала болғандықтан, қор нарығына қатысудың басты ережелеріне мән бере бермейтіндер көп. Сонымен қатар, криптобиржа, құнды қағаздар биржасына қаржы салып оны бірнеше есе көбейтіп беремін деген алаяқтардың да алдауына сеніп қалатын жандар көп. Өйткені, бұл сала туралы толыққанды ақпарат мардымды емес.


Осы орайда, «Өте маңызды» бағдарламасына «Жусан Инвест» ірі клиенттермен жұмыс департаментінің вице-президенті Айгерім Молдабекова қатысты.

Айгерім Молдабекова құнды қағаздардың түрлерін, олар қалай саудаланатынын және қор нарығына инвестиция салу үшін лайықты брокерді қалай таңдау керек екеніне мән берді.


Айгерім Молдабекованың айтуынша, елімізде тіркелген, заңды түрде жұмыс істейтін брокерлерді таңдауда бастысы олардың алатын комиссиясына мән беру керек. Өйткені, акциялар сату мен сатып алудан түскен пайданың игілігін көруде, оның комиссия ақысы ретінде жұтылып кетпеуіне баса мән беру керек.


Интернет арқылы шетелдік брокерлермен де жұмыс істеуге болады, деген Айгерім Молдабекова, бірақ ол үлкен тәуекелді қажет ететініне назар аударды. Брокермен арада түсініспеушілік туындаған жағдайда немесе оның жұмысына қатысты шағым болса, онда ол брокер тіркелген елдің құқық қорғау органдарына ғана шағымдану керек. Бұл үлкен шығынды қажет етеді.


Бағдарламаның бас сарапшысы, «Tas Group» компаниялар тобының басшысы, кәсіпкер Дулат Тастекей акциялар мен қатар облигациялардың да артықшылығын, олардың табыстылығы депозитке қарағанда анағұрлым жоғары екеніне мән берді. Мысалы, «Tas Credit» компаниясы 19% кірістілікпен облигацияны биржада орналастырған. Осы және өзге де маңызды ақпараттарды бағдарламаның толық нұсқасынан тыңдай аласыздар.
Бағдарлама демеушісі «Tas Group» компаниялар тобы.

Поделиться публикацией :

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить

Новости партнёров

Загрузка...
Загрузка...