«Өте маңызды»: қазақ тіліндегі MBA бағдарламасы маңызы және келешегі
Business FM радиосында экономика, іскери сала, қаржы мен қор нарығындағы жаңалықтар мен оқиғаларға кәсіби талдау жасау мақсатында «Өте маңызды» аталатын жаңа бағдарлама шыға бастады
Вы можете прослушать подкаст программы «Бизнес»:
К.Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті (UIB) рет қазақ тілінде білім беретін MBA (Master of Business administration) бағдарламасын ашты. Бұл бағдарламаның ашылуына ұсыныс тастап, тікелей мұрындық болған Damu Business Group кәсіпкерлер қауымдастығы. Бағдарламаның алғашқы тәлім алушылары да осы қауымдастық мүшелері. Damu Business Group кәсіпкерлер қауымдастығы мүшесі Құмар Жұмахан мұндай бағдарламаның ашылуына тікелей кәсіпкерлер тарапынан сұраныс түскенін айтады. Ал, Damu Business Group осы ұсыныспен Халықаралық бизнес университетіне (UIB) барған. Бұған дейін елімізде бұл бағдарлама таза қазақ тілінде кең көлемде оқытылмағандықтан, оқулық, тіпті оқытушы тарту жағынан проблема бар. Дегенмен, университет басшылығы бұл түйткілдерден мүмкіндігінше тез арада шығудың жолдарын қарастыруда.
Ал, «Өте маңызды» бағдарламасының демеушісі «TasGroup» компаниялар тобының негізін қалаушы және басшысы Дулат Тастекей мұндай бағдарламаның жас кәсіпкерлердің дамуы үшін аса маңызды дейді. Өйткені, бұл кәсіпкердің жеке тұлға ретіндегі кемелденуіне, кәсібін жетілдіріп, «networking» арттыруда берері көп.
Қазақ тілінде білім беретін MBA (Master of Business administration) бағдарламасының ерекшелігі, ол бағдарламада қалай білім алуға болатыны және өзге де ақпараттар «Өте маңызды» хабарының кезекті санында толық қамтылған.








