ПРЯМОЙ ЭФИР

«Зейнетақы навигаторы»: Қазақстандағы зейнетақы жүйесі - жаһандық өзгерістер мен болашаққа көзқарас

Business FM эфиріндегі «Зейнетақы навигаторы» бағдарламасының кезекті шығарылымында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарушы директоры, Астана қаласы филиалының директоры Мұрат Тұрсынұлы Шәріп студия қонағы болды. Сұхбат барысында еліміздің зейнетақы жүйесіндегі өзекті мәселелер, демографиялық үрдістер және халықаралық тәжірибеге негізделген реформалар талқыланды

Вы можете прослушать подкаст программы  «Финансы»:

Мұрат Шәріптің айтуынша, демографиялық өзгерістер – зейнетақы жүйесіне тікелей әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Болжам бойынша, 2050 жылға қарай Қазақстан халқының саны 26,5 миллион адамға жетеді, алайда егде жастағы азаматтардың үлесі арта түседі. Бұл өз кезегінде жұмыс істейтіндер мен зейнеткерлер арасындағы тепе-теңдікке әсер етеді. Егер бүгінде бір зейнеткерге бес қызметкерден келсе, болашақта бұл көрсеткіш бір жарым есеге төмендеуі мүмкін.

Сарапшының айтуынша, әлем елдері соңғы жылдары ынтымақтық жүйеден жинақтаушы зейнетақы моделіне көше бастады. Бұл үрдіс Қазақстанда да белсенді жүзеге асуда. Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік және жинақтаушы жүйелер қатар жұмыс істейді. Мұрат Шәріптің пікірінше, бұл модель әр азаматқа өз болашағын өз бетінше жоспарлап, жеке жинақтарын инвестициялау мүмкіндігін береді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша, Mercer CFA Institute Global Pension Index рейтингінде Қазақстанның зейнетақы жүйесі 24-орын, ал Allianz Pension Index рейтингінде 71 елдің ішінде 26-орын алды. Бұл көрсеткіштер қазақстандық жүйенің тұрақтылығы мен халықаралық стандарттарға сәйкестігін айғақтайды.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры азаматтардың зейнетақы жарналарын тұрақты әрі толық төлеудің маңыздылығын түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Сонымен қатар, әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, мемлекет пен азаматтың бірлесіп қаржыландыру жүйесін енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл, әсіресе, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және шағын кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге бағытталған.

Бағдарлама соңында Мұрат Шәріп азаматтарды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ресми сайтына, әлеуметтік желілеріне және қоңырау орталығына (1418) жүгінуге шақырды.

Поделиться публикацией :

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить

Новости партнёров

Загрузка новостей...