ПРЯМОЙ ЭФИР

«Өте маңызды»: Қаржы пирамидасына алданбаудың жолы қандай?

Business FM радиосында экономика, іскери сала, қаржы мен қор нарығындағы жаңалықтар мен оқиғаларға кәсіби талдау жасау мақсатында «Өте маңызды» аталатын жаңа бағдарлама шыға бастады

Вы можете прослушать подкаст программы  «Финансы»:

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өткен жылы жариялаған дерегінше Қазақстанда соңғы үш жылдың өзінде ғана 180 қаржы пирамидасы анықталған. 31 мың адам алданып, 54 млрд теңге шығын шеккен. Алаяқтар өздерін көбіне микроқаржылық ұйымдар және инвестициялық компаниялар ретінде таныстырып жатады. Ал, қарапайым тұрғындар тез арада қомақты ақша табу мүмкіндігіне қызығып, қақпанға түсіп жатады.

Қаржы пирамидалары қаржы ұйымдарына жатпайды және депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге лицензиясы болмайды, тиісінше ол компанияны Қаржы реттеушісі (Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі болмаса Ұлттық банк) бақыламайды. Мұндай ұйымға ақша салған соң  тұтынушы сөзсіз ақшасынан айырылады.   

Ұйымда лицензияның бар-жоқ екенін Қары нарығын реттеу және дамыту агенттігінің finreg.kz сайтынан тексеру қажет.

"Өте маңызды" бағдарламасының тұрақты сарапшысы және жүргізушісі "TasGroup" компаниялар тобының негізін қалаушы, кәсіпкер Дулат Тастекей және құқыққорғаушы Тілеужен Кішкенебаев алаяқтарға алданбаудың жолдарын айтып берді.

Поделиться публикацией :

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить

Новости партнёров

Загрузка новостей...