ПРЯМОЙ ЭФИР

БЖЗҚ төлемдері: кімге тиесілі, қалай алынады және 2026 жылдан бастап қандай өзгерістер болады

Business FM радиосындағы «Зейнетақы навигаторы» бағдарламасының жаңа шығарылымында БЖЗҚ-ның департаменті басқармасының басшысы Гүлнұр Ағайдарова зейнетақы төлемдерінің түрлері, оларды алу тәртібі, салық мәселелері және жинақтарды мерзімінен бұрын пайдалану мүмкіндіктері туралы жан-жақты түсіндірді

Вы можете прослушать подкаст программы  «Финансы»:


Кімдер БЖЗҚ төлемдерін ала алады?

ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес БЖЗҚ мына санаттағы азаматтарға төлем жүргізеді:

• Зейнет жасына жеткен азаматтар:

– ерлер — 63 жас,

– әйелдер — 61 жас (2031 жылға қарай 63 жасқа теңестіріледі).

• І және ІІ топтағы мүгедектігі бар тұлғалар (мерзімсіз белгіленген).
• Зиянды және қауіпті өндіріс орындарында жұмыс істейтіндер, егер олар кемінде 84 ай кәсіби зейнетақы жарнасын аударса (55 жастан бастап).
• Қазақстаннан тұрақты тұруға шетелге кеткен азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар – біржолғы төлем ретінде.

БЖЗҚ-дегі жинақтар — салымшының жеке меншігі, сондықтан қайтыс болған жағдайда мұрагерлеріне беріледі.

Ай сайынғы төлемдер қалай есептеледі?

Ай сайынғы төлем мөлшері келесі формуламен анықталады:

• жинақталған сома × 6,5% / 12 ай;
• төлем мөлшері жыл сайын 5%-ға ұлғайып отырады.

Егер жинақ сомасы 12 ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аз болса, төлем біржолғы түрде беріледі.

Зейнет жасына жеткен азаматтар үшін өтініш беру «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша жүргізіледі. Төлемдер 10 жұмыс күні ішінде банктік шотқа аударылады.

Шетелге кету және мұрагерлік жағдайындағы төлемдер

Шетелге тұрақты қоныс аударған азаматтарға төлем алу үшін екі шарт міндетті:

1. ҚР азаматтығынан шығу;
2.БЖЗҚ-ға басқа елдің азаматы ретінде, сол елдің паспортымен жүгіну.

Мұрагерлер төлемді нотариус берген мұра құқығы туралы куәлік негізінде алады. Жерлеу шығындарына арналған төлем мөлшері — 94 АЕК (2025 жылы шамамен 369 мың теңге). Бұл қаражат марқұмның жинақтары есебінен беріледі.

Салық салу: 2026 жылдан бастап не өзгереді?

2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін:

•БЖЗҚ-дан берілетін барлық төлемдерден 10% жеке табыс салығы (ЖТС) ұсталады.
• Тұрмысы төмен, әлеуметтік осал топтарға (І–ІІІ топ мүгедектері, мүгедек баланың ата-анасы және т.б.) салықтық шегерім қарастырылған. Құжатты 3 жыл ішінде тапсырса, ұсталынған салық кері қайтарылады.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

• ҚР резиденттері ЖТС-тан толық босатылады — зейнетақы төлемдері мен тұрғын үй/емделуге алынған біржолғы төлемдерден.
• Резидент емес тұлғалар үшін 10% салық мөлшері сақталады.

Жинақтарды мерзімінен бұрын пайдалану

2021 жылдан бастап азаматтар жинақтарының бір бөлігін:

• тұрғын үй жағдайын жақсартуға;
• емделуге;

пайдалана алады.

Бірақ бұл құқық тек жеткіліктілік шегінен асқан жинақтары бар азаматтарға беріледі. Зейнеткерлер жинақтарының 50%-ын пайдалана алады, егер олардың болашақ зейнетақысы табысының 40%-ынан кем болмаса.

Азаматтар қандай сұрақтарды жиі қояды?

1418 нөміріне және әлеуметтік желілерге ең жиі түсетін сұрақтар:

• «Жинағымның мөлшерін қалай тексеремін?»
• «Қайтыс болған туыстың жинағын қалай аламын?»
• «Шетел азаматы ретінде қандай құжат қажет?»
• «Қандай өтініштер онлайн беріледі?»

БЖЗҚ шетелде жүрген азаматтар үшін құжаттарды алдын ала электронды тексеру қызметін ұсынады. Бұл құжаттардың дұрыс рәсімделуін қамтамасыз етіп, уақыт пен шығынды азайтады.

Поделиться публикацией :

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить

Новости партнёров

Загрузка новостей...