ПРЯМОЙ ЭФИР

BeWoman: Сәнге деген махаббаттан – ұлттық брендке дейін

BeWoman подкасты – бұл әйел туралы, әйелдің дамуы, тұлғалық жолы мен бизнеске келуі жайлы айтылатын алғашқы радиоалаң. Жоба Business FM арнасында тыңдарманға жол тартты, ал оның бейне нұсқасы YouTube арнасында да жарияланады

Вы можете прослушать подкаст программы  «Бизнес»:

BeWoman подкастының басты мақсаты – Орта Азия әйелдерінің тәжірибесін, өмір жолын, жетістігін бөлісу арқылы тыңдарманға мотивация беру. Бұл – тек әңгіме емес, бұл – шабыт, бұл – әр әйелдің өз күшіне сенуіне жол ашатын жаңа кеңістік. Подкастың қонағы – Медина Сақтағанова: Маңғыстау тумасы, кәсіпкер, дизайнер, медиа кеңістікте кең танымал тұлға. Ол – көптеген қазақстандық қыз-келіншектерге шабыт берген жан. Үйде — жұбайы мен балаларына сүйікті жар, жұмыста — өз ісінің шебері. Оның талғамымен тігілген сәнді көйлектерін бүгінде еліміздің түкпір-түкпіріндегі қыздар ұзатылу тойларында киіп, оның брендін мақтанышпен атайды.

“Сәнге деген махаббатым анамнан дарыды”, – дейді кейіпкер. Оның айтуынша, сән әлеміне келу бала кезінен басталған. Анасының жанында жүріп, оның ісіне араласу арқылы тігінге, сұлулыққа, нәзіктікке деген сезім бала жастан бойына сіңген. Тіпті бұл өнер – бір әулеттің кәсібі, себебі анасы мен әжесі де сол салада болған.

“Біз төрт ағайындымыз. Інім – жалғыз ер бала, қазір Италияда оқып жүр. Ал сіңлім интерьер дизайнері. Яғни, бізде шығармашылық қанмен келген”, – дейді ол.

Сәнге қызығушылық мектеп кезінен басталып, 10 жыл бұрын алғашқы киімін тігіп сатқан сәтпен кәсіпкерлік жолы басталған. Ол кезде барлығы оңай болмаған. Сапа, сенім және тұрақтылық – бәрін бірге алып жүру қажет еді. Бірақ отбасындағы қолдау мен тұтынушылардың сенімі оның өз брендін қалыптастыруына негіз болды.

“Бүгінде біз Қазақстан бойынша кеңінен танымал брендпіз”, – дейді кәсіпкер. Шынында да, оның киім үлгілері қазақы нақышпен заманауи стильді үйлестіріп, әр қыздың сымбатына ерекше көрік береді.

Поделиться публикацией :

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить

Новости партнёров

Загрузка новостей...