BeWoman: Наубайханадан бастап, табысқа апарар жол
Be Woman подкасының кезекті қонағы — кәсіпкер, бірнеше қалада наубайханалар желісін дамытып отырған Маржан Өтеген. Ол өзінің кәсібін Атыраудың базарында күнбағыс дәнін сатып бастаған бала кезінен бастап, Алматы мен Астанадағы табысты бизнеске дейін жеткізген
Вы можете прослушать подкаст программы «Бизнес»:
Маржан кәсібін бейнебақылау камераларын орнатып сатудан бастады. Камераларды өзі жеткізіп, клиенттермен өзі сөйлесіп, бухгалтерлік құжаттарды да өзі дайындады.
«Менде ақша болған жоқ, бірақ менде идея мен табандылық болды», – дейді ол.
Бүгінде ол – 9 филиалы бар наубайхана желісінің негізін қалаушы. Бұл жолда ол күйеуінің де, әкесінің де қолдауын алған. Алғашқы наубайханасын ашқанда, ол наубай болмаған, ешқандай аспаздық тәжірибесі болмаған. Бірақ интуиция мен сенім оны алға жетеледі.
Маржанның айтуынша, әйел кәсіпкерлерге жеңілдік жоқ.
«Ешкім саған «сен әйелсің, саған жеңілдік» деп ештеңе бермейді. Сен де басқалар секілді аренда төлейсің, кредит аласың. Бәрін өзің істеуің керек», – дейді ол.
Маржан табысқа жету үшін баланс болмайтынын да ашық айтты:
«Мен бизнес ашқанда нашар ана болатынымды білгенмін. Балаларымды туыстарыма сеніп тапсырдым. Себебі бизнес – бұл сенің екінші балаң сияқты, толықтай берілмесең, ол жүрмейді».
Бүгінде Маржан өз тәжірибесімен бөлісіп, әйелдерге шабыт беріп жүр. Оның тарихы – кәсіпкер әйелдің тек бизнеске емес, өмірге де деген көзқарасын бейнелейді. Ол — интуициясына сеніп, қорықпай алға жүрген әйел.
Подписывайтесь на нашу страницу в Facebook