ПРЯМОЙ ЭФИР

Қазақстандағы McDonald's өзінің барлық мейрамханаларының жұмысын уақытша тоқтатады

Қазақстандағы McDonald's (Food Solutions KZ ЖШС) жергілікті жеткізілімдердегі шектеулерге байланысты 2022 жыл,18 қарашадан бастап өзінің барлық мейрамханаларының жұмысын уақытша тоқтатады

Фото: mcdonalds.kz


Қазақстандағы McDonald's (Food Solutions KZ ЖШС) жергіліктіжеткізілімдердегі шектеулерге байланысты 2022 жыл,18 қарашадан бастап өзінің барлық мейрамханаларының жұмысынуақытша тоқтатады. Компания жұмысты тезірек қалпына келтіруүшін бар күшін салуда. Мейрамханалардың ашылу мерзімітуралы кейінірек хабарланады.

"Food Solutions KZ" ЖШС компаниясы ҚазақстанРеспубликасында 6 жылдан астам уақыт жұмыс істейді жәнежылдам қызмет көрсететін мейрамханалар индустриясыныңкөшбасшыларының бірі болып табылады. Қазақстанның келесіқалаларында: Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды компанияның 24 мейрамханасы бар және олардың ішінде 2000-ға жуық адам жұмыспен қамтамасыз етілген. "Food Solutions KZ" ЖШС ашылған уақыттан бері 3 млрд теңгеденастам сомаға салық ұлттық қаржыға төленді және қоғамғакөмек көрсетуге белсенді қатысады. Соңғы алты жылдакомпания қайырымдылыққа 80 млн теңгеден астам қаражатаударды.

Поделиться публикацией :

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить

Новости партнёров

Загрузка...
Загрузка...