ПРЯМОЙ ЭФИР

Патшайым Елизавета ІІ ең бай әйел емес пе?

Алайда бұл ұғым кейде қате болуы да мүмкін. Мысалы, Ұлыбританияны билейтін Патшайым ең бай адамдар тізіміне әлі де ене алмай келеді. Неліктен? Табысы қанша? Табыс көзі не?

Алайда бұл ұғым кейде қате болуы да мүмкін. Мысалы, Ұлыбританияны билейтін Патшайым ең бай адамдар тізіміне әлі де ене алмай келеді. Неліктен? Табысы қанша? Табыс көзі не?

Ақсүйектер әлемі жәшік-жәшік алтын мен таусылмас жасыл қағаздарды еске салады. Ал бүгінгі күнмен бағалайтын болсақ, патша әулеті міндетті түрде қалтасы қалыңдар тізімінде Forbes-тың көшін бастап тұруы қажет.

Алайда бұл ұғым кейде қате болуы да мүмкін. Мысалы, Ұлыбританияны билейтін Патшайым ең бай адамдар тізіміне әлі де ене алмай келеді. Неліктен? Табысы қанша? Табыс көзі не?

Forbes.ru бағалауы бойынша Елизавета ІІ-нің жылдық табысы 500 млн АҚШ долларын құрайды. Ал оның ішіндегі ең әйгілі табыс көзі - Crown Estate. Корпорация табысының 15 %-ын Патшайым әулетіне беріп отыратын, ал бұл күндері пайыз 25-ке өскен көрінеді. Яғни, Елизавета ІІ бұл жылы £82.2 млн алатын болады. Айтпақшы кіріс Букенгем сарайының шығынын өтейді, жөндеу жұмыстарына, жұмысшыларға айлық беруге және патша әулетінің іссапарларының қаражатын өтеуге жұмсалады. Оның үстіне, Букенгем сарайын жөндеу жұмысы £369 миллионға жетеді деген болжам бар.

Бұл Ұлыбритания Патшайымының баршаға белгілі табыс көзі еді. Көпшілік біле бермейтін пайда әкелетін істерінің ішінде өз инвестициялары бар. Жоғары мәртебелінің сондай-ақ Балморал мен Сандрингем сынды сарайлары бар. Ол оған әкесінен қалған мұра. Ал Патшайымның жеке табыстарының бірі «құпия әмиян» деп аталады. Шынтуайтында,оның ешқандай құпия міндеті жоқ. Ол қаражат Виндзор әулетінің мүшелерінің шығындарын жабуға жұмсалады, қарабайыр тілмен айтсақ, Патшайым туыстарына қаржылай көмектесіп тұрады. Патшайымның табыс көздері көп, сарайлардан бастап көшелерге дейін, мысалы Риджент- стриттің көп бөлігі осы отбасының жекеменшігі.

Егер де Патшайымның тәжі мен Ланкастер герцогтығы өзіне тиесілі болғанда осы уақытқа дейін $25 миллиард АҚШ долларынан көп табыспен әлемнің ең бай әйелдері тізіміне енер еді деп саралайды Fprbes. Алайда 93 жасар Ұлыбритания билеушісі өз отбасына да, мемлекетіне де аз табыс әкеліп жатқан жоқ. Британияға келетін туристердің басым көпшілігін патша әулеті қызықтырады және мемлекетке жыл сайын $700 млн-нан астам кіріс кіреді.

Виндзор отбасындағы табысы жоғары Патшайымнан кейін тұңғыш ұлы, Уильям мен Гарридің әкелері Чарльзға тиесілі. Ал ол жайында келесі мақалада толығырақ жариялайтын боламыз.

Поделиться публикацией :

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить

Новости партнёров

Загрузка...
Загрузка...