ПРЯМОЙ ЭФИР

Әлемдегі ең бай басшылар – олар кімдер?

The New York Times мамандары ең жоғары жалақы алатын СЕО тізімін жариялады

Компания жетекшілері қатардағы жұмысшыларға қарағанда көбірек жалақы алатыны белгілі. Алайда жалақы мөлшері еселеп көп болуына қалай қарайсыз? Әлемдегі ең бай немесе ең көп қаржы табатын басшылар тізімін ұсынамыз.

Vestifinance.ru мәліметі бойынша ең көп айлық алатын басқарушылар тізімінің ондығына кіретін Вивек Шах. Ол J2 Global компаниясының атқарушы директоры. Шахтың жылдық табысы өткен жылы $45 млн-ды құрады.

Тоғызыншы орында сұлулық әлемінде ерекше орны бар америкалық Estee Lauder компаниясының Президенті Фабрицио Фреда. Әлемнің 130 елінде сатылымдағы компания өнімдерінің жылдық табысы $220 млн-нан көп.

Келесі ретте РТС корпорациясының атқарушы директоры Джеймс Хеппельманн тұр. Оның жылдық табысы $50 млн-ды құрайды.

Фото: YouTube

Фото: Джеймс Хеппельман

Жетінші орын The Walt Disney компаниясыны Президенті, әрі жетекшісі Роберт Айгерге тиесілі. Жылдық табысы $66 млн-ға жеткен Роберт Айгер 2011 жылдан баста Apple компаниясының директорлар кеңесі мүшесі атанған.

Тізімде бір саты жоғары болып T-Mobile америкалық компаниясының басшысы Джон Леджер орналасты. Бір жыл ішінде ол $67 млн пайда тапқан. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 182%-ға артық.

Ең көп жалақы алатын басшылар қатарында бестікке ілінген - Сафра Кац. Ең көп жалақы алатын әйел басшылар қауымының көшін бастап тұрған Сафра Кац Oracle компаниясының бас директоры. Оған компанияның қаржы және заң бағыты бойынша жұмыс жасайтын бөлімшелері қарайды және оның жылдық табысы $108 млн-ға жеткен.

Фото: Сафра Кац

Oracle компаниясын Сафра Кайпен бірге басқаратын Марк Херд тізімдегі төртінші орында. Ал табысы әріптесімен бірдей, яғни $108 млн.

Әлем елдері арасынан жалақысы ең көп басқарушылар арасында алғашқы үштікке $125 млн жылдық табысымен Palo Alto Networks компаниясының басшысы Никеш Арора кірді.

Фото: Никеш Арора

Ал екінші орынға Discovery компаниясының басқарушысы Дэвид Заслав лайық деп табылды. Оның жылдық табысы $129 млн-ға тең. Сонымен қоса, 55 жасар басшының басты жетістігі 2010 жылы балаларға арналған The Hub арнасын ашқандығы.

Кезекте бірінші орынды иеленген басшы жайлы оқыңыз. Тізімді бастап тұрған басшының басқаларынан табыс көлемі едәуір жоғары. Иә, ол теңдесіз Tesla компаниясының негізін құраушы Илон Маск. Компанияның өткен жылдағы табысы - $2 284 млн. Көрсеткіш бойынша Масктың кірісі 2017 жылға қарағанда 45 753 есеге өскен.

Поделиться публикацией :

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить

Новости партнёров

Загрузка...
Загрузка...